Google әуебилеттерін сатып алу мүмкіндігін жапты

Бастапқыда Google қонақүйлерді брондау функциясын алып тастаған еді, енді әуебилеттерін сатып алу сервисін де алып тастады, деп хабарлайды TourDom.

Google баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы 12 айда Google компаниясы авиабилеттері (Flights) сервисі үшін Google (Book on Google) арқылы брондау жүйесінен біртіндеп бас тартуды жоспарлап отыр. 

«Басында біз осы функцияны ұсынған едік, оның арқасында билеттерді сатып алу жеңілдей түсетін еді және өзіміздің серіктес әуекомпанияларға көбірек брондау алуды көздедік. Алайда уақыт өте келе біз адамдардың тікелей серіктес веб-сайттар арқылы брондауды қалайтынын аңғардық. Осы орайда біз қолданушылардың қалауын ескердік», – деп түсіндірді компания өкілдері.

Google әлі де ұшудың барлық нұсқаларын көрсетеді. Сіз тек қаланы, әуежайды және мерзімін көрсетсеңіз жеткілікті, соған байланысты іздеу жүйесі барлық рейстерді шығарады. Бұл үшін әуетасымалдаушының сайтына өтіп, билетті тікелей аласыз.