Ұлытау облысының бағбандары қарбыздан мол өнім жинады

Ұлытау облысының бағбандары қарбыз өсіріп, қарық болып жатыр. Әдетте жаз айларында Арқа жерінде аптап ыстық аз болады.

Сондықтан аймақта дақылдың бұл түрін егетіндер некен-саяқ. Бірақ қалауын тапса құнарлы жерден қарбызды да алуға болатынын жаңаарқалық азамат Серік Түсіпбеков еңбегімен дәлелдеп отыр. Бағбан кәсібін бастамас бұрын бұл саланы әбден зерттеп, мамандармен кеңескен. Сөйтіп, 6 гектар алқапқа қарбыздың «Продюсер», «Юкон» және «Экзотика» деп аталатын үш бірдей түрін екті. Тамшылату технологиясының көмегімен 80 күнде піскен. Санаулы күнде жинап, нарыққа шығармақ. Шамамен 150 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

Сержан Түсіпбеков, бағбан:

- Экспериментальный арбуздар егіп жатырмыз биыл «Экзотика» деген. Сырты қара, іші сары, сырты ақ, іші сары, олар сондай бола береді неше түрлі. Биыл енді Қарағанды, Ұлытау облысы деп айта алмаймыз, ауданымызға жегіземіз Алла қаласа. Егер жақсы өнім беріп, халыққа дәмі ұнап жатса келесі жылы көптеу егеміз.