Петропавлда інжір ағашы мол өнім берді

Петропавл ботаникалық бағында інжір ағашы мол өнім берді. Қазір жылыжай жұмысшылары оның 30 гүл шоғырын жинап үлгірді.

«Бұл жылына бір-ақ рет жеміс беретін субтпропикалық өсімдік үшін өте жақсы көрсеткіш», - дейді олар.

Інжір ағашы ботаникалық баққа осыдан 50 жыл бұрын егілген екен. Ал оның өнімі адам ағзасына пайдалы түрлі дәрумендерге бай. Тіпті халықтық емдеу әдістеріне де қолданылады.

Анна Ляшенко, ботаникалық бақтың көгалдандырушысы:

- Інжір ағашының жапырағы да пайдалы. Бірақ оның піспеген жемісін жеуге болмайды. Адам ағзасы тітіркенуі мүмкін. Ал биылғы өнім мол. Дәмі де керемет.