Жітіқарадағы үйдің қабырғасында ерекше мурал пайда болды

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы көп қабатты үйдің қабырғасында ерекше мурал пайда болды.

Суретшілер ұлттық киімдегі қызды бейнелеген. Ол қолына су сепкіш ұстап, өсіп тұрған ағашты суарып жатыр. Граффити бейненің астары қоршаған ортаны қорғауға негізделген. Әр бөлшекке мағына беруге тырысқан туындының авторы алматылық суретшілер. Муралды жітіқаралықтарға металлургтер күніне орай жергілікті тау-кен кәсіпорыны сыйға тартқан.   

Елена Прохоренко, тау-кен кәсіпорнының бөлім маманы:

- Туынды суретші мен қала тұрғындары арасындағы диалогтың керемет құралы. Яғни баршаны табиғатты қорғауға үндейді. Қазір бұл маңызды тақырып. Осы жобамен жұмыс істеуде жітіқаралықтарға жақын болатын позитивті жарқын бейнені жасауға тырыстық.