«Asar joly» мұнайлы өңірге келді – Атырау

«Asar Joly» қайырымдылық акциясы Атырауға да жетті. Бұған дейін жеті қаланы аралап, мұнайлы өңірге келген қонақтарды тұрғындар зор ықыласпен  қарсы алды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұлтан Бейбарыс орталық алаңында киіз үй тігіп, театрландырылған қойылым ұсынды. Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан «Асар» салтының мән-маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар садақ ату, асық ойнау, қазақша күрес секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды. «Асар-үме» қоры үш жыл ішінде 460 отбасының баспаналы болуына себепкер болды. «Асар жолы» қайырымдылық туры аясында ертең Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында форум өтеді.

Асхат Нұрмашев, «Asar ume» қайырымдылық қорының президенті:

170 млн-дай қаражат жинадық. 1000 теңгеден, 500 теңгеден жинап, 13 отбасы үйлі болды осы Атырауға дейін. 3500 шақырым өтіп, мінекей Атырауға да үлкен, құнды сыйлақтарды алып келіп отырмыз. Атырау қаласында 2 жылдың ішінде біз жұмыс істеп, еріктілермен 10 шақты отбасыға үй сыйладық.