Жетісу облысында 1700 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысы Ескелді ауданының прокурорлары 54 мың гектар жердің пайдаға аспай жатқанын анықтады.

Аталған аумақтың 1700 гектары мемлекет меншігіне қайтарды. 5 мың гектар  жайылым жекенің меншігінен алынып, қоғамдық мақсатта пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындарына тиесілі мал өрісі кеңейді. Ал 16 мың гектар жер қайта игеріле бастады. Бұл жұмыстары аудан көлемінде әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері жалған құжатпен жұмыс істегендерді әшкерлерді. Олар білім беру, спорт, денсаулық сақтау саласында еңбек еткен.

Құралбек Шойбеков, Ескелді ауданының прокуроры:

- Аудан бойынша жалған дипломмен 21 факті анықталды. Қазіргі таңда осы бойынша 21 қылмыстық іс тіркеліп, 11 тұлға жауапкершілікке тартылып жатыр. Он тұлға бойынша заңды шешім қабылданды.