Астанадағы ядролық медицина орталығында жеті мың адам диагностикадан өте алады

Елордадағы заманауи ядролық медицина орталығында 7 мың адам диагностикадан өте алады. Ол үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Ал келер жылдан бастап радиофарм препараттарды сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. 

Осыдан ширек ғасыр бұрын отандық мамандар көзге көрінбейтін молекуладан дәрі-дәрмек шығарады десе сенбес едік. Бүгінде оған ешкім таңқалмайды. Радиофарм препарат қатерлі ісік сынды ауыр індеттерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ол алдымен мынау циклотрон деп аталатын заманауи қондырғыда өндіріледі. Сосын зертханаға жіберіледі.

Бауыржан Әбішев, ҚР ПІБ МОА ядролық медицина орталығы өндіріс бөлімінің меңгерушісі:

- 19-оттегімен байытылған суды біз притондармен атқылау арқылы ядролық реакцияның көмегімен 18-фториза тобын аламыз. Оны алып лаборатория синтезаға жібереміз. Сол кезде бізде жаңа радиофарм препарат фториза глюкоза шығарылады. 

Қатерлі ісік сынды диагнозын қою қиын  індеттер глюкозаны көп қажет етеді. Ал мамандар оны адам ағзасына енгізіп, қондырғымен тексерген кезде сырқатты бірден анықтайды. 

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

- Радиофармацевтикалық препарат осы циклотрон қондырғысынан шыққаннан кейін әр секунд есептеулі. Өйткені арада 109 мин өткеннен кейін  оның белсенділігі 2 есе төмендейді. Сондықтан бір адамға диагностика жасауға 20 маман атсалысады. Тексеру уақыты 20-40 минутқа дейін созылады. 

Препаратты ағзаға енгізбес бұрын оның сапасы жіті тексеріледі. Алдымен сынамасы алынады. Сосын заманауи қондырғылардың көмегімен бірнеше түрлі сараптама жасалады. Тексерістен сәтті өткеннен кейін ғана пайдалануға жарамды. 

Шолпан Тынымбаева, ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығының аға мейірбикесі:

- Свинцовый контейнердің ішінде мынадай шприцтің шприцтің өзі свинцовый. Соның ішінде дәрі болады. Әр пациенттің өзінің салмағына байланысты. Бұл қолмен берілетін. Бізде басқаша тағы инжектормен берілетін контейнер бар. Мынаған радифарм препарат құйылады да. Мына экранға пациенттің ФИО салмағы дозасы беріледі. 

Мұндай диагностикалау шарасы кез келгеніміз үшін қолжетімді. Тек қатерлі ісік ғана емес, жүрек және жүйке жүйесі ауруларын да ерте кезден анықтауға болады. Ел тұрғындарының мемлекеттік медициналық сақтандыру арқылы тегін тексерілуіне мүмкіндік бар. Немесе 380 мың теңге төлеп ақылы негізде қаралуына да болады. 

Айгүл Садуақасова, ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығының басшысы:

- Науқас денесін бос ұстау керек. Ол үшін біз оны қараңғы, жылы әрі тыныш бөлмеге жатқызамыз. Бұл жерде ол 1,5 - 2 литр су ішіп 1 сағаттай тынығады. Сосын оның ағзасына рафиофарм препаратты енгіземіз. 

Қазір елімізде 180 мыңға жуық науқас қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл ресми есепке алынғандар саны. Сорақысы сол, бұл тізім жыл сайын 33 мың адамға көбейіп барады. Ал қатерлі дертпен күресте ерте диагностика таптырмас құрал. Бұған дейін Президент Іс Басқармасы Медициналық oрталығында жылына 3 мың науқас тиісті тексерістен өтетін. Енді ядролық медицина орталығы ашылғаннан кейін 7 мың адамды қабылдауға мүмкіндік бар.

Назерке Әбдірахманқызы, Диас Қобланбаев