Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін алу үшін далаға түнеп жүр

Шымкенттік тұрғындар жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдына түнеп жүр.

Әлеуметтік желіге тараған видеодан кезектегі жұрттың наразылығын көруге болады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қызмет көрсететін жалғыз мекемеде арнайы емтихан тапсыруға арналған екі көлік қана бар. Сондықтан жүргізуші куәлігін жаңадан алуға құжат тапсырғандар мен С1 санатына куәлік алуға өтініш бергендер орталыққа  бір күн бұрын  барып, кезекке тұрады. Жыл басында көтерілген бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.

Аян Айдапкелов, қала тұрғыны:

- Сағат 5-те таң намазынан кейін келіп отырмыз. Очередь уже келіп қалды. Живая очередь болып жатыр ғой. Қазір келіп қалды. Жарты сағатта кіріп қалатын шығармыз.

Саян Төрегелдиев, қалалық мамандандырылған ХҚО басшысының м.а:

⁃ Живая очередь қылғанда оған біздің ешқандай қатысымыз жоқ. Адамдар өздері келіп очеред жазып, список құрған. Бізде ХҚО тек талонмен қызмет көрсереді. Тез арада осы жағдайды реттеуге бұған дейін бір көлік болған. Енді екінші көлікті қосып жатырмыз.