loader


Жаңаөзенде заңсыз қаруды сатқандар сотталды

Жаңаөзенде қару-жарақ жасап, оны сатылымға шығарған 2 азамат 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті департамент мамандары қаладағы қару шығаратын цехты жою бойынша арнайы операция ұйымдастырған. Онда сынған қаруды жөндеп қайта сатқаны белгілі болды. Цехтан 4 Калашников автоматы, Симонов карабині мен 48 оқдәрі тәркіленді.

Аркен Абдуғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:

- Қылмыскерлер техникалық жөндеу орталығында тапсырыспен атылмайтын қаруды жауынгерлік қаруға айналдырған. Қылымыстық топтың әлеуметтік желілерде кең тараған клиенттік базасы болды. ҰҚК қызметінің арқасында қылмыстық топ әрекеттерінің жолы кесілді.

Сондай-ақ...