Алматыда дизель отынға сұраныс артты

Алматыда дизельдік отынға сұраныс артты. Қалалық әкімдік бұл өзге аймақтардан келетін транзиттік жүк көліктерінің көптігімен байланысты дейді.

Қазіргі уақытта жергілікті билік Энергетика министрлігімен бірлесіп, ірі жанармай құю станцияларының желілеріне үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарынан дизельдік отынның үздіксіз жеткізілуіне көмек көрсетуде. Сондай-ақ әкімдік өкілдері «дүрбелеңді болдырмау үшін мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі дизельдік отын қорына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырғанын» деп мәлімдеді. Жеткізу кезінде іркілістер болмауы үшін тасымалдаушы компаниямен келісімге келген. Бүгінде Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді. Оның 80 проценті алты ірі компанияға тиесілі.