7 айда ₸1,7 трлн зейнетақы төленді

7 айда ₸1,7 трлн зейнетақы төленді

Қазақстандықтарға жыл басынан бері 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл мақсатқа шілде айында республикалық бюджеттен 243,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде базалық зейнетақыға – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 169,4 млрд теңге бағытталды. 1 тамыздағы дерекке сай, елімізде 2 млн 247 мың зейнеткер бар. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 156 теңге. Еске салайық, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде мемлекеттік базалық зейнетақы азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай төленеді. 

Зейнетақы төлемдері

Төленді - ₸1,7 трлн

Бюджеттен  - ₸243,3 млрд

Базалық зейнетақы - ₸73,9 млрд

Ынтымақты зейнетақы - ₸169,4 млрд

Зейнеткер - 2 млн 247 мың адам

Зейнетақының орташа мөлшері - ₸109 156