Ақмола облысында ХҚКО мүгедектерден заңсыз ақша алған

Ақмола облысында халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі шектеулі жандардан заңсыз ақша алып келгендігі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметі бойынша ондағы қызметкерлер мүгедектердің құжаттары мен жеке куәліктерін жасағаны үшін мемлекеттік салымды негізсіз салған. Талдау барысында 500-ден астам азаматтың құқығы бұзылғаны белгілі болды. Ал, салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар мұндай қызметтер үшін ақы төлеуден босатылған. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп заңсыз төленген ақшаны қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, жарымжан жандарға келтірілген шығын көлемі 1 млн 345 мың теңгені құрап отыр.