ШЫҰ-ның екінші форумы басталды

Бүгін Ташкентте Шанхай ынтамақтастығы ұйымының екінші экономикалық форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын 17 тамызға дейін жалғасуы тиіс. Қауымдастыққа мүше елдер цифрлық экономика, жасыл технологияларды енгізу, сондай-ақ аймақтардың түрлі бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеу мәселелерін талқыламақ. Басқосуға сыртқы экономикаға жауапты мемлекеттік орган басшылары қатысады. Бұдан басқа, өнеркәсіптік инновациялар жәрмеңкесі де өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, бұл жолғы экономикалық форум Шанхай ынтамақтастығы ұйымына биыл төрағалық етуші - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен қолға алынды.

Сондай-ақ...