Шымкентте мыңға жуық адамды кене шақты

Биыл Шымкентте кене шағып, медициналық көмекке 762 адам жүгінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл антикөрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда үш есе көп. Осылай деп дабыл қаққан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері залалсыздандыру жұмыстарын уақытынан бір ай бұрын бастағалы отыр. Өйткені зертханалық талдаулардың нәтижесінде кей науқастардың қан құрамында конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталған.

Азамат Тасболтаев, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Бұл негізінен кенеге қарсы және конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы залалсыздандыру препараттары қолданылып жатыр. Кене шағу сиптомдары пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді сұраймыз.