Ресейде табылған қазақ жауынгерінің сүйегі отанына жеткізілмек

Мәскеуде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны шілде айында Ленинград облысының Тосно ауданында тауып, осы сарбаздың аты-жөнін анықтады. Ол 1902 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Дұзбаев Қалей. Ресейлік іздестірушілер «Atamnyn аmanaty» қоғамдық бірлестігімен байланысып, жауынгердің туыстарын іздестірген. Алайда таба алған жоқ. Жақын арада Дұзбаев Қалейдің мәйітін отанында қайта жерлейтін болды. Осы күндері «Atamnyn аmanaty» бірлестігінің іздестіру отряды алғаш рет Калуга облысында әскери-тарихи экспедицияға қатысып отыр. 

Дмитрий Федосов, Мәскеу қалалық іздестіру орталығының директоры:

– Қаза тапқан сарбаздың аты-жөні жеке заттарында табылған жауынгерлік медальонның негізінде анықталды. Бұл жұмысты Санкт-Петербург қаласының «Заслон» отрядының іздестірушілері жасады.

Мұрат Молдағалиев, «Atamnyn аmanaty» бірлестігінің басшысы:

– Жыл басынан бері бірлестігіміз Қорғаныс министрлігімен бірге 12 сарбаздың сүйегін Отанына жеткізіп, жөн-жоралғысымен жерледік. Үшеуінің туыстарын тапқан жоқпыз. Олар шаңырақ көтеруге үлгермей, майданған аттанған жас жігіттер болған.

 

 

Сондай-ақ...