Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

Елімізде 2023 жылдан бастап жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары марапатқа 18-29 жас аралығындағы авторлар ие бола алады. Сондай-ақ алдағы уақытта «Жаңа қазақ әдебиеті» атты жоба жарыққа шығады. Мұнда жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Осы арқылы әдебиетімізге жаңа сапалы туындылар қосылып, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың аясы кеңейеді дейді жауаптылар. Одан бөлек, қазір «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Сыйлықтың жүлде қоры – 35 млн теңге.

Сондай-ақ...