476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жанар-жағармай мөлшерлеп сатылады

  • 162
  • UPD: 19:22, 16.08.2022
Жанар-жағармай мөлшерлеп сатылады

Елордада да жанар-жағармай тапшылығының алдын алу үшін дизельдік отын әр жүргізушіге мөлшермен беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл автокөліктер үшін лимит – 100 литр болса, жүк көліктері үшін – 300 литр. Дизель отыны 230-260 теңге аралығында сатылады. Көрсетілген көлемнен артық отын алғандарға 1 литр 450 теңгемен саудаланады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:

– Дизель отынына деген үлкен сұраныстың қалыптасуының мәселесін шешу үшін бірінші кезекте ең алдымен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер мен жанармай құю станцияларына бөлінетін болды. Одан кейін қалған жанар жағармай өнеркәсіптік орындар мен Қазақстан теміржолына бөлініп. Жетпеген жағдайда қажетті көлемдер импортталатын болады. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге 1 тонна – 220 мың теңге, 1 литр 184 теңге болмақ.

Хабар 24 телеарнасы