476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандардың тізімі жарияланды

  • 188
  • UPD: 21:11, 16.08.2022

«Қаңтар оқиғасы» кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімі Бас прокуратураның сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел бойынша тергеу органдары 5 300-ден астам қылмыстық іс тіркеген. Олардың басым бөлігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін 1200-ден аса күдікті қамауға алынды. 834-і сотталды. Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 481 қару табылған. Бұл ұрланған қарудың үштен бірі. Бас прокуратура өкілдері ресми дерекке ғана сенуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырды.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта «Қайғылы қаңтар» кезінде адамдардың қаза болу фактілерімен құқық қорғау органдарымен 200-ден астам қылмыстық іс тергелуде. Барлық осы жағдайлар бойынша нақты мән-жайларды анықтау жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Бұл күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс. Қолда бар бейнежазбалар бойынша оларды сәйкестендіруге бағытталған ауқымды және жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Куә болуы мүмкін он мыңнан астам азаматтан жауап алынды.

 

Хабар 24 телеарнасы