476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлытау облысында көлік қатынасы жанданды

  • 212
  • UPD: 19:39, 16.08.2022
Ұлытау облысында көлік қатынасы жанданды

Ұлытау облысына барыс-келіс көбейіп, жолаушылар тарапынан сұраныс артқан соң қосымша рейстер ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, әуе қатынасы бірден екі есеге артты. Енді Нұр-Сұлтан мен Жезқазған арасына ұшақ күн сайын ұшады. Бағасы да қолжетімді. Ал қыркүйек айының 6-нан бастап Жезқазған мен Алматы арасына жүрдек поезд қатынайды. 23 вагоны бар тальго тек жұп күндері жүретін болады. Бұған дейін Алматыға ескі пойызбен бір жарым тәулікте шаршап-шалдығып жетсеңіз, енді 17 сағатта боласыз. Жуық арада Нұр-Сұлтан бағытына да дәл осындай тальго жүргізу жоспарда бар.

Жомарт Бегаев, ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының міндетін атқарушы:

23 вагонның үшеуі люкс, 19 купейный вагондар болады. Бүгінгі күнге купейныйдың билет құны 9 мың теңгенің көлемінде. Ал люкстің бағасы 13600 теңгенің көлемінде. Бірақ бұл да нақты сол жүретін күні билет болса, ол 16700 теңгенің көлемінде болады. Осы қазір атқарылып жатқан жұмыстар жолаушыларға жағдай жасау бағытында.

 

 

Хабар 24 телеарнасы