Елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Елордада коронавирус инфекциясының профилактика шараларын жеңілдететін қаулыға қол қойылды.

Осылайша қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 21 шілдедегі қаулысы күшін жойды. Алайда адамдар көп жиналатын жерде, қоғамдық көліктерде, өзге де орындарда масқа таққан жөн, дейді дәрігерлер.  Елімізде коронавирусты жұқтырудың күнделікті көрсеткіші төмендеп, Нұр-Сұлтан қаласы 12 тамызда «жасыл аймаққа» өткен.