Еліміздің жеті өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл азаматтар ата-аналардан бала құқығын бұзу деректері бойынша шағымдарды қабылдайды.

Сондай-ақ осы саладағы заң жобаларын әзірлеуге атсалысады. Жаңа омбудсмендер жергілікті білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау органдарына еш кедергісіз жүгіне алады. Оларды облыс және республикалық маңызы бар қаланың әкімі іріктейді. Алдағы уақытта мұндай лауазымды тұлғалар әр аймақта тағайындалады.