Тұрмысы төмен елордалық отбасылардың үйін газға қосу үшін қаражат бөлінеді

Тұрмысы төмен елордалық отбасылардың үйін газға қосу үшін биыл да қаражат бөлінбек.

Былтырғы жылға қарағанда екі есе көп. Яғни 62 млн теңге. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдік өкілдері хабарлады.

Белгілі болғандай, олар жер үйлерге көгілдір отын тарту жұмыстарын біраз жеңілдетіпті. Мәселен, тұрғындар бұрынғыдай енді құжат жинап сабылмайды. Өйткені олардың тізімі барынша қысқарды. Екінші деңгейлі банктермен де келіссөздер жүргізілген. Газды енді үстемақысыз несиеге тарта аласыз. Жоспарға сенсек 2024 жылдың соңына дейін жергілікті билік 300 мыңнан астам елордалықты газбен қамтымақ.