Елорданың «Заречный» тұрғын алқабында мектеп жетіспейді

Елордадағы "Заречный" тұрғын алабында мектеп жетіспейді.

Дәл қазір 400 орындық білім ордасында 800-ден аса оқушы бар. Бірақ осыған қарамастан жақын маңдағы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Өзге де түйіні тарқамаған түйіткіл көп. Көптен бері шешілмей келе жатқан проблемалар алдағы уақытта көшіп келетін халықтың қалың нөпірінен кейін ушығып кетпей ме? 

Мәжіліс депутаттарымен кездескен тұрғындар осындай мәселе көтерді. Айтуларынша, үй салмас бұрын мектеп пен балабақшаны қолжетімді ету керек. Әйтпесе қазірдің өзінде мектепке дейінгі даярлық сыныптары жабылып қалған. Сондай-ақ тұрғын алабындағы коммуналдық қызметтің жұмысы да сын көтермейді. Интернеттің де жылдамдығы төмен.

Данияр Шыныбеков, қала тұрғыны:

- Тұрғын үй кешендерінің маштабтары тым көп деп еептеймін. Себебі, Бөкейхан көшесі әуел бастан кеңейтіледі деп уәде берілген. Қазіргі салынған үйлерді қарасақ, Бөкейхан көшесін кеңейту мүмкін емес. Екіншіден, салынып жатқан үйлердің санына қарап, мектеп пен балабақшалар да салыну керек деген ой бар. Бірақ олар салынып жатқан жоқ. 

Елдос Абақанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кездесу аясында біз тікелей ұялы телефондарын алдық белсенділердің, сұрақ қойған адамдардың телефондарын алдық. Өзіміздікін бердік. Неліктен? Өйткені осы кездесуден кейін, одан әрі байланыста болып, қандай деңгейде бұл мәселе шешілді немесе шешілмеді? Соны бақылауда ұстап отырамыз.