Биыл астанаға 100 электроавтобус жеткізіледі

Жыл соңына дейін елордаға 100 электроавтобус жеткізіледі. Жалпы бас шаһарға қосымша 400 автобус керек.

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

"Тұрғындар қоғамдық көлік мәселесін жиі көтеріп келеді. Инвесторлардың бірі 100 электроавтобусты өз қаражатына сатып алады. Ол өз қаржысына автобус паркін де салды деді қала басшысы. Осы орайда әкім жолаушылар тасымалы саласын дамыту үшін тиісті субсидияны жыл сайын беру керек екенін жеткізді.

"Бұл тұрғыда мемлекеттік бюджет үнемделеді. Қоғамдық көлікті инвесторлар өз қаражатына алуы керек, ал біз субсидия бөлеміз", - деді Алтай Көлгінов.