Алматыда балалар Президенттің архивінде жұмыс істеп көрді

Бүгін алматылық балалар Қазақстан Республикасы президенті архивінде жұмыс істеп көрді. Мектеп оқушыларына құжаттардың қалай сақталатыны, өңделетіні, қайта қалыпына келтіру және цирфрландыру жұмыстарын көрсетті.

Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Болашақ архивші» іс-шарасы аясында шеберлік сабақтарына қатысты. Құжаттарды іріктеп, жанры мен жылына қарай жіктеуді үйренді. Ересек балалар ескі құжаттарды қалпына келтіріп, арнайы сөздер мен сандар арқылы қажетті деректерді табуды үйренді. Архившілердің айтуынша, қазір бұл салаға жастар қызығушылық танытпайды. Сондықтан да мұрағатты ішкі қырынан көрсетіп, ынталандыруды мақсат еткен.

Ботагөз Бейсенбекқызы, Қр Президентінің архиві оқу әдістемелік орталығының сарапшысы:

- Архив дегеніміз – ол тарихтың сақтаушысы ғой. Балалар негізі мектепте тарих сабағын оқиды. Ол тарих қалай жазылады, бұл тарих архивтік құжаттардың негізінде жазылады ғой. Соны бізге көрсету, болашақта кейбір оқушылар мүмкін архивші болуы мүмкін шығар.