Қостанайда шаруалар жеңілдетілген лизинг бағдарламасымен ауылшаруашылық техникасын ала бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  қолға алынған жоба 5 тамыздан бастап трактор  мен комбаин  сияқты техникаға өтініш қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі апта ішінде  14 млрд 500 млн теңгеге 183 өтінім түсті. Бағдарлама талабына сай бастапқы жарнасыз, жылдық үстемақысын 6 процентпен  рәсімдеуге болады. 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі шағын кәсіп иелері үшін тиімді. Негізгі борышты өтеу мерзімін бір жылға кейін шегеру де қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі мекемелердің көлігін жаңартуға бағытталған жобамен  205 млн теңге  немесе 3 техника  ғана алуға болады.

Әлібек Қарайдаров, «Қазагроқаржы» ақ қостанай облысы филиалының директоры:

- Біздің облыстан бұл бағдарламаға қатысуға ниет еткен 48 шаруа қожалығының өтініші зерттеліп, қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Жалпы құны 4 млрд 400 млн теңге. Бүгін міне алғашқы үш кәсіпкерге құны 400 млн теңге болатын қажетті техникасы табыс етілді.