476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шудың жолы қашан жөнделеді?

  • 136
  • UPD: 22:05, 17.08.2022

Шаңы шығып,  тақырға айналған мына жол Шу қаласына кіретін жолдың бірі. Негізінен республикалық маңыздағы Меркі - Бұрыл Байтал магистральінің бұл учаскесі 20 жылдан бері жөндеу көрмеген.

Мұндағы ел асфальттың  қалдығын қанағат тұтуға мәжбүр. Аудан орталығына Андасбай, Қонаев, Бірлік сынды елдімекендерден қатынайтын халық, бар табысымыз көлік жөндеуден артылмайтын болды, - деп наразы. 

Болат Ахметжанов, Шу ауданының тұрғыны:

- Өтірік айтпасам, мынаған 150 мың кетеді ходовкаға. Қанша уақытта мысалы? 3 ай сайын 2 ай сайын ауыстырымыз. Мына халыққа обал шаң жұтып отыр ғой былай қарағанда. Машинаның ішінің бәрі шаң болады, хадовканың барлығын құртады. Білмеймін ақша бөлініп жатыр. Қайда кетіп жатыр?

Әділ Сүйкімов, Шу ауданының тұрғыны:

- Жолдың сыйқы жоқ. Ой шұқыр. Машинадан машина, ходовкадан ходовка шақ келмейді. Ақша таппаймыз, қосалқы бөлшектер табамыз ба? Или жолға қараймыз ба?

Жолға жауапты мамандар жылда бюджеттен қаржы сұрайтынбыз, биыл ғана бөлінді,- дейді. Енді 7 млрд теңгеге жаңа жол салуға дайын отыр. Бірақ, бұл жоспарда аудан орталығындағы  ішкі жолдар жоқ. Қала тұрғындары болса  жолдардың жайын айтып, жыларман күйде.  Ой-шұңқыры көп жолдарға автобус жүргізушілері де беттемейді. 

Баян Әбілтаева, Шу қаласының тұрғыны:

- Қалада тұрмыз дейміз, көше көшеде ол жақты мүлде қарап жатқан адам жоқ. Мына центральный көшеміз, соның өзі жоқ. Автобусқа мінейік десек, единица деген автобус.  «Жүрмеймін»- деп дауласады бізбен. Тастап кететді, не болмаса айналып кетеді автобус. Кірмейді мына жаққа.

Шу қаласында 244 көше болса оның 100 ден астамына асфальт төсеу керек. Жергілікті билік қазынадан қаржы қаралса ғана , кезең-кезеңімен жөндейміз -дейді. 2023 жылы аудан орталығына мән береміз деп сендірді.

Жадыра Халықов, Шу ауданы әкімдігінің түкш және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- 2022 жылы аудан көлемінде  елді мекендер бар қала барлығын қосқан кезде, 750 млн тг қаражатқа жолдар жасалып жатыр. 23 шақырым. 23 жылға  аудан республикалық бюджеттен қаражаттар қарастырылып, осы Шу қаласына көңіл бөлу қарастырылып отыр.

Ауданда республикалық маңыздағы «Қайнар-Шу» тас жолы да салынады.  Жобалық сметалық құжаттамасы әзір.  Қажетті сомма биыл бөлінсе, келер жылы қолданысқа береміз, - дейді жауаптылар. Әрі Мойынқұмға дейінгі су жаңа жол биыл пайдалануға берілді. Қазір Меркі мен Шу қаласы арасына асфальт төселіп жатыр.  Аудан басшығы аймақтағы жолдың 75 проценті талапқа сай дегеннен танбайды. 

Авторлары: Мерей Бает Тимур Сейілхан, Руслан Ахатилла

Хабар 24 телеарнасы