Атаулы әлеуметтік көмек аясында азық-түлік беріледі

Елде атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде өңірлердегі табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның негізінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169 500 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды. Жалпы бүгінге дейін 622 мыңнан аса қазақстандық азамат атаулы әлеуметтік көмек алды. Биыл жәрдемнің бұл түріне 84 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.