Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталады

Атырау мұнай өңдеу зауыты 0ыркүйекте жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай құбырлар, электр жабдықтары, басқарудың автоматтандырылған жүйесі, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдары тексеріледі. Құзырлы министрлік нысанда мұнайды қайта өңдеудің екі схемасы барын атап өтті. Яғни оларды кезекпен іске қосуға болады. Демек зауыт жартылай қуатта жұмысын жалғастыра береді.