Ақмола облысында экологияға залал келтіргендерге айыппұл салынды

Ақмола облысында бірқатар өнеркәсіп нысандарына 178 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі олар экология заңнамасын өрескел бұзған. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы мәлімдеді. Заңбұзушылықтар негізінен ауаға шығатын зиянды заттар мен қауіпті өндіріс қалдықтарына қатысты. Ал ондайға жол берген кәсіпорындардың ішінде «Алтынтау – Көкшетау», «Степногорск жылу электр орталығы», «Макинск жылу» және «Көкшетау су арнасы» секілді ірі нысандар бар. Қазір олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді экологтар.

Қадырхан Бейсенбаев, облыстық экология департаментінің басшысы:

– Аталған кемшіліктерді жою бойынша кәсіпорындарға нақты уақыттарын көрсете отырып, нұсқамалар берілді. Нұсқамалардың орындалуы мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің үздіксіз бақылауында болады. Ағымдағы жылдың жарты жылдығында Департамент тарапынан мемлекеттік экологиялық инспекторларының жүргізілген барлық тексерулер қортындысы бойынша 178 миллион 353 мың тенге болатын. 27 әкімшілік айыппұл салынып, оның ішінде 26 айыппұл бойынша 23 миллион 865 мың өндірілді. 154 миллион теңге көлеміндегі 1 айыппұл мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жіберілді.