Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады – Алматы

1 қыркүйектен бастап Алматыда «Артспорт» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келген тегін спорттық үйірмелер жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені жергілікті бюджетте бұл қызметтерді төлеуге қаражат жоқ. Мұны бүгін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша осы бағдарлама арқылы жұмыс істейтін  шығармашылық әрі спорттық орталықтардың жетекшілері мен бапкерлер алдын-ала құлағдар етілген. Күзде жоба тоқтайтындығы туралы хабарланған. «Бағдарлама маңызды және біздің қалаға қажет екендігімен келісемін. Сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорттық секциялар бойынша қалалық бағдарламаларды әзірлеу мүмкіндігін қарастыруға өкім бердім», – деді Ерболат Досаев.