Түркістан облысында депутаттар шаруалармен кездесті

Жаңа технологияларды пайладану арқылы өнімнің сапасын және шаруалардың табысын арттыру маңызды. Бұған қоса бастама ауылдардағы маман тапшылығын да жояды. Бұл жөнінде сенатор Әли Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қазір өңір-өңірлерді аралап, ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып жүр. Депутат бүгін Түркістан облысындағы 600 гектарды алып жатқан алма бағында болды. Мұнда отырғызылған ағаштардың төбесі шетелдік технология бойынша тормен жабылған. Тамшылатып суару жүйесі қосылған. Бұл күннен қорғайды. Соның арқасында 500 тоннадан артық алма жиналып, Ресей базарларында да саудаланады. Депутаттар жергілікті кәсіпкерлермен және жұмысшылармен жолығып, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.