loader


Қарағандының қақ ортасындағы теректерді діңіне дейін кестірген шенеунік жазаланды

Қарағанды қаласының қақ ортасындағы сауда үйі маңындағы теректерді діңіне дейін кесіп, ұсқынсыз күйге түсірген жағдай үшін аталған аудан әкімінің орынбасарына ескерту жарияланды.

Ал көгалдандыруға жауапты маман жұмыстан қуылды. Жасыл желекті аяусыз кесуді тапсырған сауда орталығы басшысы теректерді егуге міндеттелді.

Еске салсақ, жапырағы жайқалған ағаштарды аяусыз кесіп тастаған жағдай қала тұрғындарының ашуын тудырған еді. Қала әкімі бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеген. Оның нәтижесі бүгін белгілі болды. Қалаға осындай залал келтірген кәсіпкер енді көшет егіп, заңнама бойынша айыппұл төлеуі тиіс.

Сондай-ақ...