Елорда тұрғындарын автобуспен қатынау мәселесі шаршатып тұр

Автобус бар, бірақ аялдама жоқ. Енді бірінде керісінше. Көшеден қоғамдық көлік жүргенімен аялдайтын жер таппайды. Елордадағы бірнеше көшенің тұрғындары әкімдік өкілдеріне осылай деп арызын арнамыз арқылы жеткізді.

Елорда. Оң жағалау. Аялдама бар. Ал автобус жоқ.

БЛИЦ

- Біз талай рет жаздық. 109-ға жаздық. Председатель ОСИ ретінде жаздық. Тұрғындарымыз жазды.

Бірақ  қайыр болмаған сыңайлы. Мұндағылар межелі жеріне жету үшін көрші көшеге ағылады. Автобус күтіп сабылады.

БЛИЦ

Жаяу барамыз Қосшығұлұлы көшесіне дейін.

Ал мынау сол жағалау. Жағдай керісінше. Автобус бар, есесіне аялдама жоқ. Шілденің шіліңгірі мен арқаның азынаған қысында қысыламыз дейді жұрт.

- Кейбір күндері 20 минутқа дейін күтеміз.

- Қыстыгүні де?

- Жоқ қой, көрініп тұр ғой жоғы енді.

Бұл біз көрсеткен бір ғана Қабанбай мен Серкебаев көшесіндегі жағдай. Әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек олар бұл мәселеден хабардар.

Жазира Темірбекова, «City Transportation Systems» ЖШС бас менеджері:

- Дәл қазіргі уақытта жеке инвесторларды тарту арқылы жаңа қоғамдық көліктерді сатып алу жоспарда тұр. Сол кезде жаңа бағыттар анықталады. Шамамен 2023 жылы.

Яки қоғамдық көлікке міну үшін тұрғындар келер жылдан бастап көрші көшеге Серкебаевтан сенделмейді. Ал Қабанбайдың бойында тұратындардың қыста әлі біраз дірдектеулеріне тура келеді. Аялдама салынады дейді жауаптылар. Бірақ...

Руслан Сардаров, Есіл ауданы инфрақұрылым бөлімінің бас маманы:

- Ия расыменда Қабанбай батыр көшесіне қатысты бізге арыз-шағымдар келіп түскен. Ай-көмекке әсіресе хабарласып көмек сұрағандар болды. Біз бұл сұрақты негізге алдық. Осы жылдың соңына дейін мәселе шешіледі. Бірақ жабық аялдама болмайды. Себебі Қабанбай батыр проспектісін алдағы уақытта біз әлі  реконструкциялаймыз.

Астана қаласы бойынша жалпы 96 бағытта қоғамдық көлік жүреді. Оның 72-сі қалаішілік болса, 25-сы қала сыртына қатынайды. Автобус саны 800 –ден астам. Бұл жеткіліксіз. Тұрғындардың қысылмай қатынауы үшін әлі 400 ге жуық қоғамдық көлік қажет.