Солтүстіктегі Сырымбет ауылына келушілердің көлігі тозық жолдан шыдас бермейді

Ақан сері әнге қосқан әйгілі Сырымбет ауылына бардыңыз ба? Мұндағы Айғаным қонысын көруге алыстан ат арытып келетіндер көп. Бірақ қазіргі заманда ұлылардың ізі қалған осы бір тарихи мекенге жету қиямет. 

Аудан орталығынан елді мекенге дейінгі 25 шақырым аралықтың тоз-тозы шыққан. Сол себепті екі ортаға қатынап жүрген жергілікті тұрғындардың көлігі де көпке шыдас бермейді.

Сырымбет – Айыртау ауданындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдардың бірі. Қазір мұнда 100-ге жуық үй бар. Бірақ елді мекенге жету үшін темірдей төзім керек. Жол шұрық–тесік. 

Сырымбет Қақонаев, Сырымбет ауылының тұрғыны:

- Былай келсеңіз де жаман, былай таудан келсеңіз де жаман. Бәрібір де жаман. Биыл айтқан істейміз деп Сырымбетке дейін, ендігі жылы Светлоеға дейін анау. Дым да істеген жоқ. Хоть ямочный ремонт та істеген жоқ вообще. Жүреміз осылай, не қыламыз енді? 

Ауыл тұрғыны Қайрат Есмұханов газ баллонын тиеп, аудан орталығына бара жатыр. «Жолдың жоқтығынан олар да келмей қойды», - дейді зейнеткер. 

Қайрат Есмұханов, Сырымбет ауылының тұрғыны:

- Невозможно жүруге. Шұңқыр – шұңқыр. Бір сағат жүресің 25 км. Машинадан машина қалмайды. Дөңгелек жарылады. Анау сайлентблоктар бәрі кетіп жатыр. Амортизаторлар.  

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Сырымбетке дейінгі жол тұрғындарға ғана емес, туристерге де керек. Елді мекен іргесінде Шоқан Уәлихановтің әулеті тұрған Айғаным қонысы бар. Өткен жылы мқаражай кешеніне 13 мыңға жуық адам келіп кеткен. 

Мәселе шешіледі. Шенеуніктердің айтуынша, алдағы үш жылда аудан орталығы Саумалкөлден Светлое ауылына дейінгі 71 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде Сырымбет те бар. Байқау жылдың басында жарияланған. Бірақ мердігерлер өзара соттасып, келісім-шарт енді жасалды.   

Еңбек Исин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

- Сырымбетке дейін өткізетін жұмыстары ол мынау спученность дейді, жаңағы басылып қалған жолдардың бәрін көтереді, қазады орнын тегістейді тастармен. Сосын мынау жолдың жиектерін дұрыстайды. Материалдарын дайындады. Келесі жылға жұмыстарды жұмыс өткізуін мүмкіндік жасауға толық жасайды.

– Асфальтталады келесі жылы? Асфальтталатынын келесі жылы алла жазса. 

Жаңадан салынатын жол Сырымбеттен кейін Егіндіағаш, Дәуқара, Қарақамыс ауылдарын да басып өтеді. Бұл жобаға 3 млрд теңге қарастырылып отыр. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев