Еліміздің шығысында қар жауды

Бүгін елдің шығысында алғашқы қар түсті. Яғни Риддер қаласында жаңбыр аралас қар жауған. Мамандар ертеңдері тағы ылғал түсуі әбден мүмкін екенін айтады.

Любовь Бухтоярова, "Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының бөлім басшысы:

- 18 тамыз күні Риддер қаласындағы таулы аймақтың 2 мың метр биіктігінде жаңбыр аралас қар жауды. Жаздың соңғы айында бұл жиі кездесетін табиғи құбылыс. Алдағы тәулікте еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде түнде сынап бағанасы +2 градусқа дейін суып, топырақ қабаты қатуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10+15 градусқа дейін түседі.

Арқада күн суытады

Қазгидрометтің болжауынша, ертең арқа өңірінде де күн суытады. Елордада ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендейді.