Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны 36 мыңнан сегіз жарым мыңға дейін азайды.
Бұл статистикадағы анағұрлым айырмашылық былтырғы кезеңмен салыстырғанда байқалды. Жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтардың көпшілігі өндіріс орындарына тартылса, өзгесі нарық сұранысына сай маман даярлауға қысқа мерзімді оқуға жөнелтілген. Одан бөлек мемлекеттен қайтарымсыз қаржылай колдауға ие болып, кәсіп бастаған азаматтар да ісін иіріп алып кетті. Мәжіліс депутаттары аймаққа жасаған кезекті сапарында еңбек нарығы және атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы Шымкент қаласында оң өзгерістер бар. Әсіресе мынау атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны азайып жатыр екен. Ол дегеніміздің екінші жағы да бар. Тиісті мемлекеттік органдар бүгінгі таңда халықпен тығыз жұмыс жасауда. Оқып үйреніп, грант алу мәселесінде де жүйелі жұмыстар бар.