Дін – мәдениетті құраушы бөлшектің бірі

«Дін мемлекеттің ісіне араласпағанымен біздің күнделікті өмірімізге араласады. Сондықтан қандай мәдениет болмасын, оның негізгі құраушы элементтерінің бірі – ол дін».

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова осылай дейді. Ол әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – демократиялық негіздерге сүйене отырып, зайырлы мемлекет құратын елдер үшін өте маңызды үрдіс екенін айтады. Сондай-ақ ол «әлемдік дәстүрлі дін ғалымдарының басын Елордада қосу – Қазақстанның дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі »,-деген пікірде.

Жанар Темірбекова,  Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

- Күллі түркі әлеміне рухани ұстаз атанған Қожа Ахмет Яссауи бабамыз неге осыншалықты маңызды болды деп алып қарайтын болсақ. Онда да сол принцптер: адамгершілік, инклюзия, тольеранттылық, бір-біріне деген құрмет. Адам сүю концепсиясы жағынан Яссауи тану ілімі өте маңызды. Біздің университетте арнайы дәріс бар. Былтыр еліміздегі ЖОО арасында алғашқы болып, бізде дінтану, теология факультеті құрылды.