476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Каспийде әскерилердің жаттығуы басталды

  • 124
  • UPD: 11:22, 19.08.2022
Каспийде әскерилердің жаттығуы басталды

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспийдегі үш күндік оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда сарбаздар жағалауда, теңізде және әуеде өзге әскери бөлімшелермен бірлесіп ұрыс қимылдарын жасауға дайындалады. Жаттығулар үш кезеңнен тұрады. Олар теңіздегі қорғанысты күшейтуге бағытталған. Жиында «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық, «Алатау» мина тазартқыш және «Жайық» гидрографиялық кемесі қолданылуда. Олар жаудың қайықтары мен дрондарынан келген қауіпке және әуеден жасалған шабуылға тойтарыс бере алады. Сондай-ақ жауынгерлер апаттық кемені іздестірудегі шеберліктерін шыңдайды.

Хабар 24 телеарнасы