Қолма-қол ақшасыз төлем жасау артты

Елде соңғы 2 жылда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын сауда нүктелері 4 есе көбейіп, 600 мыңға жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, саланың цифрлық дамуына пандемия да оң әсер еткен. Тіпті тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін инфрақұрылым да реттелген. Соның нәтижесінде POS-терминалдар саны 3,5 есе артты. Биылғы жазда кәсіпкерлер  700 мыңға жуық құрылғыны тіркеді. Ал былтырғы сәйкес кезеңде қазақстандықтар ұялы телефондар мен ақылды сағаттар арқылы 104 млрд теңгеге 19 млн-ға жуық транзакция өткізді. QR-код бойынша 192 млн операция жүзеге асқан.