476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да мектеп жабылмайтын болды

  • 140
  • UPD: 16:21, 20.08.2022
БҚО-да мектеп жабылмайтын болды

Ауылдағы ағайынның жан айқайы туралы бұған дейін айтқан едік. Бастауыш сыныпта небәрі 4 бала қалғандықтан, аудан әкімдігі білім ошағының жұмысын тоқтатуды ұсынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлік бекіткен ережеге сәйкес, сыныпта кемі 5 оқушы болуы керек.  Қарашығанақ ауылы шекараға жақын орналасқан. Сондықтан, стратегиялық маңызы бар елдімекендер қатарына енгізілген. Мұнда жүзден астам адам тұрады. Мектеп жабылса, ауыл азып кетеді- шырылдаған жұрттың өтініші жерде қалмады. Облыс билігі жаңа оқу жылында мектептің жабылмайтынын айтты. 

Светлана Темірғалиева, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бастауыш мектеп, онда оқушылар контингенті тек 4 оқушы. Білім мекемелерінің жұмыс істеуіне БҒМ берілген кепілдік нормативі бар. Бастауыш мектеп болу үшін 5 оқушы болу керек. Бірақ 4 оқушымен биылғы оқу жылында бұл мектеп жұмысын бастайын деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы