Алматыда жас кәсіпкерлер клубының алғашқы кездесуі өтті

Қазіргі уақытта шаһардағы 33 мыңнан астам жас тұрғынның өз бизнесі бар. Іс-шараның мақсаты кәсібін енді бастағандарға қолдау көрсетіп, бизнесті әлеуметтендіруге арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері мегаполисте жеке кәсіпкерлер санының өсуі байқалады. Кездесу барысында олар іскерлік, бизнесті дамыту, өзара тәжірибе алмасу тақырыптарын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері де қатысты. Олар «Almaty Business 2025» қалалық бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Мысалы, зардап шеккен кәсіпкерлер үшін жылдық 2% мөлшерлемемен жаңа кредиттік өнім енгізілді, кепілсіз кредиттеу бойынша мөлшерлеме 12%-тен 9%-ке дейін төмендетілді. Жас бизнесмендер оқу орнының түлектерін жұмыспен қамтуға дайын екендерінде айтты.

Азамат Дарынбетов, кәсіпкер:

Қазіргі заман жастары тез, жылдам игереді барлық заттарды. Бізге студенттер келеді. Студенттер тез игереді бәрін. Финанс жағын. Терминология, әртүрлі. Содан кейін бізде жұмыс істеп, оларды банктерге жұмысқа кіргіземіз. Бізде 400-ден астам түлек бар. Жұмыс табылады. Мысалы, бүгінгі құрылтайымыз соған байланысты. Қалай да жастарға көмектесу. Қалай да бір қадам жасау деген сияқты.