loader

Ақтөбе облысындағы бір ауыл карантинге жабылды

Ақтөбе облысындағы бір ауыл карантинге жабылды

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Көкүй ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, ірі қарадан  вирусты жұқпалы індет анықталған. Әзірге малдың жаппай қырылу дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен індетті тоқтату үшін тұрғындар малын далаға шығармауы тиіс. Сиыр етін немесе сүтін пайдалануға да тыйым салынған. Ауылдағы 1400-ге жуық ірі-қара бір айға жуық ветеринар мамандардың бақылауында болады. 

Иса Базаров, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Эпизодический отряд деген бар республикалық. Солар келіп сауықтыру шараларын жүргізеді. Дезинсфекция жасайды. Бүкіл малды егеді. Бұл жұқпалы ауру. Адамға да жұғуы мүмкін. Малға жұғады. Соның ішінде ірі қара көп ауырады.

Сондай-ақ...