«Ауыл – ел бесігі»: 42 жоба жүзеге асады

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша биыл елімізде 42 жоба жүзеге асады. Қазынадан бөлінген 3,8 миллиард теңге қаржыға әлеуметтік нысандар салынып, инженерлік инфрақұрылым ретке келтіріліп, автомобиль жолдары жөнделеді. Бұл туралы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомства басшысы аймақтағы Осакаров және Бұқар жырау аудандарында болып, бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мәселен, Ростовка ауылында мектеп жанындағы интернетқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, Есіл ауылында 25 шақырымдық су жүйесі жаңартылған. Министр ауыл халқымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ сапар барысында Әлібек Қуантыров бірнеше өндіріс орнында болып, облыстың кәсіпкерлерімен кездесті.

Әлібек Қуантыров, ҚР ұлттық экономика министрі:

– Ең маңыздысы ол әлеуметтік нысандар. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауыл ішінде жол салу мәсселелері, әлеуметтік объектілерді салу. Кәсіпкерлер көтерген мәселелер ол салық, лицензиялау мәселелері және салықты әкімшіліктендіру мәселелері. Осы мәселелермен танысып, олар бойынша шешімдер табуға тырысамыз.