Жамбыл облысында «Егінжай күні-2022» дала семинары өтті

Жамбыл облысында дәстүрлі «Егінжай күні-2022» дала семинары бұл жолы Шу ауданында өтті. Семинарға аталған ауданға арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңызды басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Көрмеге еліміздің әр өңірінен 15 компания қатысты. Олар аймақ шаруаларына ауыл шаруашылық техникалары мен қондырғыларының замануи үлгілерін ұсынды. Биыл Жамбылдық шаруалар техника паркін 11 процентке жаңартқан. Тың технология жетістіктері молынан енгізіліп, су жаңа суғару қондырғылары сатып алынды. Өңірде егістік алқаптар көлемі 5 жарым мың гектарға ұлғайды.      

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі:

– Тұқым шаруашылығын, субсидия минералды тыңайтқыш жалпы 47 бағыты бойынша бөлінетін қаражат Үкімет тарапынан. 2021 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық басқармасының субсидияға бөлінетін қаражатын бүгінгі процентке ұлғайтылды. Былтыр 19 милрд болса, биыл 31,5 милрд болып тұр. Бірақ осы күзде тағы да бюджетті нақтылаған кезде қосымша 4,5-5 милрд теңге аламыз ба деген жоспарымыз бар. Сонда 2 есеге ұлғайтсақ деген.    

Аймақ шаруашылықтары биыл қант қызылшасы алқаптарынан 120 мың тоннадай өнім алмақ. Бұл ретте тұқым сұрыптарын жаңарту, ылғал үнемдеу технологиясын енгізу, тыңайтқыштардың жаңа түрлерін пайдалану аса маңызды. Ғылыми институттар да өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Марат Қожахметов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:

– Бір тонна қылшадан 10 процент қант шығады. 80 процент жон шығады. 10 процент патгы шығады. Есептеңіз қандай безотходный пройзводство дейміз сол. Бір гектар бидай мен жүгерінің шығынын есептеп қылшаның пайдасын көрсеңіздер сонда қылша екі есеге артады.

Биыл 50 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиясы кеңінен қолданылды. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда ирригациялық жүйелерді жаңарту, тұқым шаруашылығын өрістету және жайылым жерлерді тиімді пайдалану басым міндеттер қатарында.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Елдар Аюпов, Жамбыл облысы