Міндетін дұрыс атқармаған мердігер

Міндетін дұрыс атқармаған мердігер

Қарағанды-Балқаш тас жолын салу кезінде міндетін дұрыс атқармаған қазақстандық компания жұмыстан шеттетілді. Басты мердігер Қытай компаниясы ғана қалды.

Жобадағы құрылыс консорциумына сай, басында 2 компания болған еді. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Қарағанды облыстық филиалының басшысы мәлімдеді. Бұған дейін сиырқұймышаққа салынған жол  құрылысы қазір жанданды. Ұзындығы 363 шақырым болатын  республикалық маңызы бар трассаның  8 учаскесінде де жұмыс қызды. Жүргізушілерді әбден әбігерге салған айналма жолдардың өзі 94%-ке қысқарды.  

Сырым Хамзин, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы:

- Аталған консорциумның қазақстандық компаниясы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін және көп шағымдар түскені үшін Қазавтожол және бас мердігер арасында келісімдер жүргізілді. Нәтижесінде дұрыс істемегендер жұмыстан шеттетіліп, қазіргі таңда «Ситиконстракшн» бас мердігер болып жұмысты жалғастыруда.