Елордада «Артспорт» бағдарламасына тағы 3 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан қалалық маслихатының кезектен тыс сессиясында шаһардың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті қаралып, аталмыш бағдарламаға қосымша 3 млрд тг бөлу мәселесі мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал биылғы жылдың басында  мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жүзеге асырушы ваучерлерді қамтамасыз етуге 6,4 млрд тг бөлінеген болатын.  Қазіргі күні Артспорт аясында бас қалада спорттың 25 түрінен 581 спорттық секция бар, ал шығармашылық бойынша 45 бағыттағы 1034 үйірме бар. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, қазақстандық балаларды Артспорт бағдарламасы бойынша тегін үйірмелерге қатыстыру жалғасатынын мәлімдеген болатын.