Мұқтаж отбасы балаларына 23 тамызға дейін мектепке дайындалу үшін ақша аударылады

Мұқтаж отбасы балаларына 23 тамызға дейін мектепке дайындалу үшін ақша аударылады

Оқу-ағарту министрі Білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен өткен жиында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры бойынша барлығы 475 мың азаматқа көмек көрсетіледі. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов өткен жылы бір және одан да көп мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз етуді тапсырды. Ал 1 қыркүйектен бастап педагогтар бес күндік жұмыс аптасына көшіріледі.