Еліміздегі әуе компанияларының қызметі 27%-ке өскен

Бұл туралы finprom.kz сайты жариялады. Биыл жыл басынан бері Қазақстанда әуе компанияларының табысы 276,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 189,2 млрд теңгені құраған. Барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен 270,6 млрд теңге кіріс кірген. Тағы 6,2 млрд теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Сәйкесінше әуе көлігімен қатынайтындар қатары арта түскен. Мәселен, қаңтар айынан бүгінге дейін ұшақпен 5 млн 800 мың адам сапарлаған. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 12,8 процентке артық. Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 млн адам ұшақ қызметін пайдаланған.