Жамбыл облысында теміржол заманауи технологиямен жөнделіп жатыр  

Биыл еліміз бойынша 1000 шақырымнан астам теміржол төсеніші жөнделмек. Оның 551 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теміржолшылар шойын жолдың сапасын жыл санап арттырамыз деп отыр. Бүгінде барлық жөндеу жұмысының 76% аяқталды. Жоспарлы жөндеу жұмыстары Жамбыл облысында да қарқынды іске асуда. Қазір Жамбыл магистралдық желі бөлімшесінде жол жұмыстары қызған шақ. Биыл өңірде жоспар бойынша 21 шақырым рельс тіректері толығымен ауыстырылып, 15,4 км-ге күрделі жөндеу жүргізіледі. Шу жол дистанциясының қызметкерлері қазір жол төсеуге арналған SMD техникасын пайдалануда. Мамандардың айтуынша, заманауи машина адам жұмысын жеңілдетіп уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Қанат Сүгірбаев, ардагер теміржолшы:

Өзі сол ұзын рельстерді шетке шығарып қояды, шпалдарды өзіне жинап алады. Қайтадан жаңа шпалдарды салады. Земленный полотноны өзі тегістеп өтеді. Жаңа решетканы салып, қайтадан ұзын рельсті өзі салады. 18 ғана машинистер жұмыс істейді. Ал, укладочный кездерде 50-60 адамнан, окноның өзінде жұмылдыратынбыз.

ҚТЖ аталған жол салу құрылғысынан өзге, австриялық 57 жоғары өнімді машинаны қолданысқа қосқан. Одан бөлек 8 жоғары өнімді техникамен, швейцариялық рельс-салу пойыздарымен, француздық шпалдарды ауыстыруға арналған 5 кешенмен жарақтандырылды. Компанияда еңбек жағдайларын жақсарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Ғалымбек Батырбеков, Шу жол дистанциясының басшысы:

– Жұмыскерлердің әл-ауқаты бойынша өзімізіңд ҚТЖ компаниясының басшылары бар, өз тарапымыздан кәсіподақ ұйымы бірлесіп, осы жағдай жасаймыз.

Бүгінде Шу жол дистанциясында 301 адам жұмыс істесе, оның 180-і жол жөндеуші. Олар аймақ аумағындағы 360 шақырым шойын жолды күтіп баптайды. Шу ауданында биыл 7 шақырым жол күрделі жөндеуден өту керек болса, оның 5 шақырымы аяқталған.

Авторлары: Мерей Бает Тимур Сейілхан Руслан Ахатілла